Өңірге Ресейден асыл тұқымды ірі қара мал жеткізілді. Жалпы бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында сүт өндірісі мен мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Өңірде ірі қара мал басы көбейіп, жаңа тауарлы-сүт фермалар ашылуда. Бұл ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, экономиканы нығайтуға мүмкіндік беріп отыр.
ЗАққайың ауданы Трудовое ауылындағы «Леонов» шаруа қожалығына Ресейдің Перьм өңірінен голштин тұқымының 184 бас қара-ала сиыры жеткізілді. Бұл сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара. Қараша айынан бастап, алғашқы төлдеу кезеңі басталады деп күтілуде. Алдын ала болжам бойынша, бір сиырдан тәулігіне 30 - 32 литр сүт алынады. Дәл осындай тұқым бұған дейін Шығыс Қазақстан облысына да жеткізілген.
СНХ:ЯКОВ ЛЕОНОВ, «ЛЕОНОВ» ШҚ БАСШЫСЫ
Асыл тұқымды ірі-қара «Солтүстік» ауыл шаруашылығы кооперативі арқылы бес жүз миллион теңгеге, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие есебінен алынған. Ал, Астана қаласындағы «CRI Kazakhstan» ЖШС жеті жүк көлігімен 2 күнде жеткізді.
СНХ: АЛТЫНБЕК ЖҰЛАНОВ, «CRI KAZAKHSTAN» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Кәсіпкер келер жылдың екінші жартысында тағы 400 бас ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта фермада қайта жаңарту жұмыстары жүргізілмек. Бұған дейін Германиядан 64 бас симментал тұқымды сиыр да әкелінген. Ферма толық қуатында жұмыс істеген кезде шамамен 58 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Болашақта шаруашылықты кеңейту жоспарланған.