С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында “Қорғансыздың күні” шығармасы желісінің негізінде жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Спектакльде өмірдің ащы шындығы мен қорғансыз жанның тағдыры көрсетіледі. Премьерада залда ине шаншар жер болмады.
Қойылым көрерменге адам мен қоғам арасындағы күрделі қатынасты, мейірім мен зұлымдықтың шекарасын айқын көрсетті. Актерлердің шынайы ойыны, сахналық реквизиттер мен әсерлі музыка көрерменге ерекше әсер сыйлады. Режиссердің айтуынша, бұл қойылымның мағынасы мен образдары күрделі болғанымен, әр кейіпкердің жан дүниесін ашу — басты мақсаттардың бірі болған.
СНХР: АСЫЛХАН РАЗИЕВ – СПЕКТАКЛЬДІҢ ҚОЮШЫ-РЕЖИССЁРІ
Сонымен қатар, қойылымда ерекше есте қалған бейнелердің бірі – басты кейіпкердің әжесі. Бұл рөлді театр актрисасы Аида Супатаева сомдады. Актрисаның шынайы ойыны мен сахнадағы аналық мейірімі көрермен жүрегіне жетті. Ол кейіпкердің күйіне еніп, өмір сүру - күрделі процесс болғанын атап өтті.
СНХР: АИДА СУПАТАЕВА – АКТРИСА
“Қорғансыздың күні” қойылымының премьерасы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Актерлердің шынайы ойыны мен әсерлі эмоциясы өнер сүйер қауымды терең толқытты, кей көрермен көзіне жас алды.