Kozybayev University бүгін шетелдік қонақтарды қарсы алды. Қорған облысынан келген делегация университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, екі өңірдің білім саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге ниет білдірді.

Қонақтар оқу орнының заманауи зертханаларын, медицина бағытындағы инновациялық кабинеттерін аралап, студенттерге жасалған жағдайға жоғары баға берді. Университеттің даму қарқыны мен жаңашыл көзқарасы делегация мүшелерінде ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының ректоры қонақтарға алдағы жоспарларымен бөлісті.

СНХ:ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР


Қорған облысы Білім және ғылым департаментінің директоры Андрей Кочеров ең алдымен екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол жастардың өзара танысып қана қоймай, білім мен тәжірибе алмасуына мүмкіндік туса деген ниетін білдірді. Университет ректорымен кездесуде «білім беру туризмі» ұғымы талқыланғанын да атап өтті. Мұндай өзара байланыс пен тәжірибе алмасу – болашақта өз ісінің нағыз кәсіби мамандарын тәрбиелеуге жол ашатынын ерекше айтты.

СНХ:АНДРЕЙ КОЧЕРОВ, ҚОРҒАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Бұл кездесу екі өңірдің білім саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеріп, болашақта бірлескен жобалар мен тәжірибе алмасу бағытында тың мүмкіндіктерге жол ашпақ.