Есіл ауданы орталығында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Оған ауданның белсенді тұрғындары, жастар мен волонтерлер, зейнеткерлер, сондай-ақ түрлі мекемелердің қызметкерлері, мектеп оқушылары мен орман шаруашылығы мамандары қатысты. Бұл игі бастама - табиғатты аялауға, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

 «Таза Қазақстан» науқаны шеңберінде Явленка ауылында сенбілік ұйымдастырылды. Орман алқабында 40 мың түп қарағай көшеттері отырғызылды. Әкімдік тарапынан арнайы бөлінген 4 гектар аумақта ағаш егу жұмыстары жүргізілді. Есіл ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі орынбасары Вадим Краснощектің айтуынша, бұл көшеттер Ақмола облысындағы тәлімбақтан арнайы алынған:

СНХР: ВАДИМ КРАСНОЩЕК , ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Күзгі ағаш егу жұмыстары белсенді түрде іске асырылуда. Бүгінгі таңда 4 млн 600 дана көшет орман қоры жерлерінде егілген. Явленка ауылындағы ағаш отырғызылатын жер - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесімен бірлесе әзірленген:

СНХР: ҚАЙРАТ ҚАЛЫҚОВ , СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Сенбілікке 500-ден астам адам қатысты. Мұндай экологиялық науқандар жыл сайын өткізіліп, көшеттер негізінен көктем мен күз мезгілдерінде отырғызылады. Бұл жұмыстар қоршаған ортаны қорғауға бағытталады:

СНХР: НҰРКЕН СИСЕНБАЕВ , ЯВЛЕНКО АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ


Сенбілікке қатысушылардың басым бөлігі — түрлі ұйым мен мекеме қызметкерлері. Олар «Таза Қазақстан» акциясын қолдайтындарын және мұндай қоғамдық іс-шараларға жиі атсалысатындарын айтты:

СНХ: АЙЖАН НАКЕНОВА , ЕСІЛ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ


СНХ:ӘЛІБЕК ДОСЫМБАЕВ , «МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ


СНХ:АЗАТ МЕЙРАМОВ , №1 ЯВЛЕНКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Экологиялық науқандар өткізу – табиғатты аялауға бағытталған ортақ іс. Әр тұрғынның осындай бастамаларға үлес қосуы – болашақ ұрпаққа таза орта қалдырудың кепілі.

Қаршыға Әділханқызы, Ерлан Махметов, жаңалықтар қызметі

СНХ: ВАДИМ КРАСНОЩЕК , ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ НА РУССКОМ


 

СНХ: ҚАЙРАТ ҚАЛЫҚОВ , СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ ЕСТЬ НА РУССКОМ