СҚО полицейлері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің рухына тағзым етті. Жұма таңында облыстық полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер мен қызметін жаңа бастаған жас полицейлер борышын адал атқарып, қылмыскердің оғы мен пышағынан қаза тапқан сегіз әріптесіне арналған мемориал жанында бас қосты.
Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов бір минут үнсіздіктен кейін еске алу рәсімін ашты. Ардагерлер мен жас қызметкерлер мемориалға гүл шоқтарын қойды. Іс-шара ұлттық мереке – Республика күніне орай ұйымдастырылды. Алдағы апталарда осындай еске алу рәсімдері Петропавл қалалық полиция басқармасы мен аудандық бөлімдерде де өтеді. Әр жылдары қызметіне адал болған солтүстікқазақстандық полицейлердің ерлігі мен батылдығы – заң мен тәртіп сақшыларының жас буынын отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызды бөлігі.