Өңірге Ресей Федерациясының Қорған облысынан арнайы делегация келді. Олар облыс орталығындағы ірі өнеркәсіп орындарына барып, мәдени іс-шараға қатысты. Іс-сапар шекаралас өңірлердің экономикалық және мәдени байланыстары нығайту және қос елдің ынтымақтастығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.
Петропавл электротехникалық зауыты — Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Бұл өндіріс орны 6-10 кВ кернеулі трансформаторлық жабдықтар шығарады. Өнімдер негізінен ТМД елдеріне экспортталады. Ресейлік делегация кәсіпорын жұмысымен танысты.
Келесі нысан - С. М. Киров атындағы зауыт болды. Кәсіпорынның тарихы сонау 1928 жылдан басталады. Мұнда теміржол және мұнай-газ саласына арналған құрал-жабдықтар өндіріледі. Тәуелсіздік жылдардан бері ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Сондай-ақ, өнідіріс орнында шығартылатын Орта Азияда баламасы жоқ 16 қабатты баспа платалары бүгінде еліміздің мақтанышына айналған.
СНХ:ӘНУАР КӨКЕН - С. М. КИРОВ АТЫНДАҒЫ ЗАУЫТТЫҢ ИНЖЕНЕР-ТЕХНОЛОГ МАМАНЫ
М.С. Киров зауытында қазіргі уақытта өндірісті автоматтандыру мен цифрландыру жұмыстары жақсы дамыған. Қорған делегациясының қатарында түрлі саланың өкілдері, соның ішінде зауыт директорлары болды.
СНХ:ВЛАДИМИР КАЗАКОВ , "ВАРГАШИНСКИЙ АТЫНДАҒЫ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЖАБДЫҚТАР ЗАУЫТЫ" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ
Кәсіпорындардың жұмысымен танысқан Ресейлік делегация өкілдері және өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Абай мен Пушкин ескерткіштеріне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.Іс-шара барысында ұлы тұлғалардың өлеңдері оқылып, олардың шығармашылығы мен рухани мұрасына құрмет көрсетілді.