«Белсенді ұзақ өмір сүру » қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінде ерекше жиын өтті. Әсерлі іс-шарада ардагерлер өз өнерлерін ортаға салып, жүрек тербер орындауларымен көрерменді тәнті етті. Сондай-ақ, іс-шара аясында сурет пен қолөнер туындыларының көрмесі де көпшілік назарына ұсынылды.
Жиын дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл іс-шара - өнер мен руханияттың ортақ мерекесіне айналған. Мұнда әрбір қатысушы өз талантын еркін көрсетіп, ән айтып, өлең оқуға мүмкіндік алады. Қатысушылардың барлығы ерекше көңіл күймен, шат-шадыман күйде отырды.
аударма 407 0:58
СНХ:ТАТЬЯНА ВЕРБИЦКАЯ, «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ» ҚБ ЖЕТЕКШІСІ
Жиынға 70-ке жуық зейнеткер қатысты. Барлығы үлкен ынтамен өнерлерін көрсетіп, іс-шараны одан әрі қызықты етті.
аударма 413
СНХ:НИНА ГАЛУШКО, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Жалпы жиын қарт адамдардың көңілі ешқашан қартаймайтынын көрсетті. Мұндай іс-шаралар олардың рухын көтеріп, өмірге деген сенімін арттыра түседі.