Бүгін облыстық кітапханада Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері, СҚО Құрметті азаматы, облыстық ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі Құдайберген Қалиевтің 80 жылдығына орай құрмет көрсету жиыны өтті. Салтанатты іс-шараға қоғам қайраткерінің замандастары, әріптестері мен зиялы қауым өкілдері жиналып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Еліміз егемендігін енді алған шақта Құдайберген Қалиұлы мемлекеттік басқару ісінде белсенділік танытып, облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымын он жыл бойы абыроймен атқарды. Оның осы бір жауапты кезеңде атқарған еңбегі тек облыс көлемінде ғана емес, республикалық деңгейде де жоғары бағаланды. Шал ақын ауданының даңқты тумасы ретінде ол туған топырағының мерейін асырып, өңір мақтанышына айналды.
СНХ:АЗАМАТ МАҒЗҰМОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ДӘРІГЕРІ
Құдайберген Қалиұлымен қызметтес болған әріптестері оны ел ісіне шын жанашыр, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, кез келген мәселені байыппен шешетін салмақты басшы ретінде сипаттайды. Олар оның әрбір шешімін терең ойға, нақты дерекке негіздеп қабылдайтынын, әріптестеріне талапшыл бола отырып, әрдайым әділдік пен жауапкершілікті ту еткенін ерекше атап өтеді.
СНХ:НЕЛЛИ ИВАНОВА, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Жиын барысында көрнекті қайраткер туралы арнайы деректі фильм көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар оның елге сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, жүрекжарды тілектерін білдірді. Сонымен қатар, жерлесімізге құрмет көрсету мақсатында иығына шапан жабылып, зор ілтипат көрсетілді.