Тепличное және Прибрежное ауылдарында жер қазу жұмыстары аяқталуға жақын өңір басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Сонымен қатар қорғаныс бөгеттерін темірбетонмен бекіту жұмыстары қатар жүргізілуде. Бұл қорғаныс нысандарын қайта жаңартудың соңғы кезеңі.
«Жұмыстың сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударылып отыр. Қызылжар ауданының басшылығына құрылыс жұмыстарының әр кезеңін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырдым. Сондай-ақ Прибрежное ауылындағы автомобиль жолының учаскесін көпір өткелімен бірге қайта жаңарту мәселесін де өз бақылауымда ұстап отырмын. Жобалық-сметалық құжаттама дайын, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын келесі жылы бастауды жоспарлап отырмыз», - деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.