Олар адам өмірін құтқарып, жас мамандарды тәрбиеледі, ондаған жылдар бойы халыққа қызмет етті. Бүгін олардың есімдері алғысқа толы сөздермен аталды. Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде өңірдің денсаулық сақтау саласы ардагерлерін ұлықтау рәсімі өтті.
Жұмағали Тілеулин атындағы жоғары медицина колледжінде денсаулық сақтау саласының ардагерлері бас қосты. Олардың көбі облыс ауруханалары мен емханаларында 30, 40, тіпті 50 жылға жуық еңбек еткен жандар. Кездесу қазан айында өтетін қарттар айлығы аясында ұйымдастырылды. Бұл өңірде алғаш рет өткізіліп отырған іс-шара.
СНХ: СӘКЕН ӘМРИН – ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұл күні барлығы 38 адам марапатталды. Олар адал еңбегі, кәсібіне деген сүйіспеншілігі және пациенттерге көрсеткен адамгершілік жылуы үшін алғыс хаттармен марапатталды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасының еңбек ардагері, КСРО денсаулық сақтау үздігі Анатолий Рафальский. Зейнетке шыққанымен, ол әлі де медицина саласында еңбек етуде.
СНХ: АНАТОЛИЙ РАФАЛЬСКИЙ – ҚР ЕҢБЕК АРДАГЕРІ
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында үш мыңға жуық медицина қызметкері зейнет демалысында. Өткен жылы өңірде денсаулық сақтау ардагерлері кеңесі құрылып, оның құрамына тоғыз адам енген.