М. Қозыбаев атындағы СҚУ –де болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар жайлы талқыланды. Кезедесуде жұмыс берушілер, мемлекеттік органдар және білім беру ұйымдарының өкілдері бас қосты. Жиналғандар алдағы уақытта өңірде қандай маман иелеріне сұраныс жоғары болатыны туралы сөз қозғап, ой тарқатты.

Сессия барысында жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты салалардың дамуы, өзгеріске ұшырайтын және жойылып бара жатқан мамандықтар жайлы талқыланды. Сондай-ақ, олардың даму бағыттары да сөз болды.

СНХ: ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ -РЕКТОР


Елде өңірлерді болашақта қажетті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында форсайт-зерттеулер жүргізілуде. Қазір өңірлік кадрларға сұраныс картасы мен мамандықтар атласын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл — студенттерді қандай бағыттар бойынша оқыту қажет екенін алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Ауқымды жоба 2029 жылға дейін жүзеге асырылады.

СНХ: ОЛЖАС СӘКЕНОВ, ҚР ҒЖБМ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ "МАМАНДЫҒЫМ - БОЛАШАҒЫМ" КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ


Спикерлер Солтүстік Қазақстан облысының өзіндік ерекшелігі бар екенін айтты. Олардың сөзінше, өңіріміз ауыл шаруашылығына бейім болғандықтан, алдымен аграрлық салада жұмыс істейтін мамандар қажет. Кездесу ары қарай секциялық форматта жалғасты.