Облыстық әкімдікте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Қорған облысы губернаторының қатысуымен жиын өтті. Кездесу барысында екі өңір арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың бірнеше жыл бойы тұрақты дамып келе жатқаны атап өтілді. Толығырақ келесі бейнематериалда
Ресей Федерациясы Қорған облысы делегациясының өңірге сапары облыстық әкімдік қабырғасында өткен жиында тәмамдалды. Тараптар бір-бірімен жақсы таныс. Бұған дейін теріскейліктер шекара асып, көршілеріміздің мүмкіндіктерін көрсе, енді қонақтар аққайыңдар өлкесіне табан тигізіп отыр. Келелі кездесу экономиканың барлық бағыты бойынша берік байланыс орнатқан өңірлердің мүмкіндіктерін таныстырудан басталды. Бұнымен тоқтап қалуға болмайды. Алда алар асу, бағындырар белес жеткілікті.
СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қорған облысының губернаторы Вадим Шумков Солтүстік Қазақстан облысына 3-ші рет келіп отыр. Әр сапарында оң өзгеріс байқапты. Петропавл жаңарған, әлеуметтік маңызы бар нысандар салынған, зауыт-фабрикаларда жұмыс қызған және ең бастысы заманауи тауарлы-сүт фермаларының саны артқан. Бұған басшы таңданысын білдірді. Губернатор арадағы тауар көлемінің одан сайын ұлғайғанын қалайды. Сол үшін маңызды мәселелер қарастырылыпты.
СНХ:ВАДИМ ШУМКОВ, ҚОРҒАН ОБЛЫСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ, РФ