Петропавлда, Ақан сері атындағы облыстық филармония сахнасында Қорған қаласынан келген «Цветень» фольклорлық ансамблінің концерті өтті. Әртістер көрермендерге әсерлі де жарқын бағдарлама ұсынды. 

Ресейдің Қорған қаласынан арнайы келген «Цветень» фольклорлық ансамблі Петропавлда өнер көрсетті. Концерт «Достық көпірі» жобасы аясында өтті. Бұл өнер ұжымы 1999 жылы құрылған.

СНХ:МАРИНА КИЧЁВА, ҚОРҒАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ


Айта кету керек, ансамбль Петропавлда алғаш рет өнер көрсетіп отырған жоқ. Қорған филармониясының әртістері екі бөлімнен тұратын мазмұнды бағдарлама дайындаған. Бірінші бөлімде классикалық шығармалар орындалса, екіншісінде – көрерменге жақсы таныс кеңес дәуірінің әндері шырқалды.

СНХ:СТАС БЕЛИНСКИЙ, «ЦВЕТЕНЬ» АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ


«Достық көпірі» жобасы – екі шығармашылық ұжым арасындағы мәдени байланыс пен ынтымақтастықтың игі дәстүріне айналды. «Цветень» ансамблінің концерті өнер мен көрерменді, әртістерді бір ортаға тоғыстырып, бәрін өнерге деген ортақ сүйіспеншілік біріктіретін рухани алаң екенін көрсетті.