Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін беретінін айтқан болатын. Сондықтан оны дамыту ісіне баса назар аудару керек екенін жеткізді. Жасанды интеллект саласындағы жетістіктер білім беру жүйесін жетілдіріп, ғылыми зерттеулерді жаңа деңгейге көтереді. Сонымен бірге, ол экономиканың түрлі салаларында тиімділікті арттырып, бәсекеге қабілеттілікті нығайтады. Осы орайда, жасанды интеллектті дамыту мен қолдануда ұлттық деңгейде тиімді стратегиялар жасап, кадрларды дайындау мен инфрақұрылымды жаңғырту маңызды міндеттердің бірі болып табылады.