СҚО полицейлері бастауыш сынып оқушыларына арналған танымдық шоу ұйымдастырды. Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында облыстық полиция департаменті, СҚО әкімдігі білім басқармасы және әдістемелік орталықтың өкілдері бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше іс-шара өткізді. Танымдық шоуға 200-ге жуық бала қатысты.

Полицейлер балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын еске салып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу тақырыбында бейнероликтер көрсетті. Ал алған білімдерін бекітуге қуыршақ театрының әртістері көмектесті — олар Жол қозғалысы ережелеріне арналған интерактивті спектакль ұсынды. Ойындар, би, викторина — барлығы балаларға қуаныш пен пайдалы әсер қалдырды.


Сондай-ақ тәртіп сақшылары оқушыларға патрульдік автокөліктерді көрсетті. Балалар дабыл мен дауыс зорайтқыштың жұмысын өз қолдарымен сынап көрді. Болашақта олардың бірі полиция қызметіне келіп, Заң мен Тәртіпті қорғауға, адамдарға көмек көрсетуге және өскелең ұрпақты жолдағы қауіпсіздікке үйретуге ниет білдіруі әбден мүмкін.

СНХ:Азамат Жамұқов — СҚО ПД ЖПҚ басқармасының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспеткторы 


Жыл басынан бері СҚО-да балалардың қатысуымен 101 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицейлер үнемі мектеп оқушыларымен кездесіп, балалардың жол-көлік жарақатын болдырмау және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.