Биыл өндірісте жазатайым оқиғалар 5 жарым пайыз азайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Үкіметтік емес ұйымдармен кездесуінде айтты. Светлана Жақыпованың сөзінше, бүгінге дейін 110 мың кәсіпорын міндетті сақтандыру шартын жасасқан. Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау аясында 43 мыңға жуық жұмыскердің құқықтары қорғалған. Өз қызметкерлеріне жалақысын уақытылы төлемей жүрген кәсіпорындар 1,8 миллиард теңгеден астам берешекті өтеген.

СНХ:СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ