Петропавл қаласында әдістемелік орталық пен «Сенімен болашақ» Қоғамдық Бірлестігі облыстық филиалы өзара меморандумға қол қойды. Бұл бастама жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесуді мақсат етіп, ата-аналар мен мұғалімдердің кәсіби бағдарлау үдерісіне белсенді қатысуын ұйымдастырады.

Жобаның негізгі мақсаты - өңірдегі оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына жағдай жасап, еңбек нарығы талаптарына сәйкес кәсіби бағдар беру. Сонымен қатар, өзін-өзі кәсіби анықтауына ықпал етеді.

СНХ:РОЗА СӘРКЕН - «ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ» КММ ДИРЕКТОРЫ


«Сенімен Болашақ» ҚБ СҚОФ төрағасы Жанат Мұхамеджановтың сөзінше, Солтүстік Қазақстан облысы – еліміздегі халқы сирек орналасқан, тұрғындарының саны жыл сайын азайып келе жатқан өңірлердің бірі. Осы жылғы дерекке сәйкес, аймақтағы жастардың үлесі 20 пайыздан төмен. Сұраныс жоғары мамандықтар арасында да кадр тапшылығы анық байқалады. Жалпы, «оқушыларды кәсіби бағдарлау» атты пилоттық жоба 2 жыл қатарынан жүзеге асырылып келе жатыр.

СНХ:ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» ҚБ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ


Айта кетейік, 2024 жылғы облыстық жұмыспен қамту басқармасының есебіне сәйкес, жоғары білімді жас мамандардың 32 пайызы жұмыс таба алмаған екен. Ал, кәсіби – техникалық білім алғандардың 78 пайызы бірден жұмысқа орналасқан. Жалпы, өңірде 25-тен астам колледж, 1 жоғары оқу орны және 1 әскери академия бар.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының "Әдістемелік орталық"