Елімізде қазанның 18-і рухани келісім күні деп бекітілген. Осы атаулы күннің қарсаңында қызмет көрсету саласы колледжінде қалалық жастар ресурстық орталығы мен облыстық Дін істері басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен арнайы іс-шара өтті. Жиын барысында студенттерге рухани келісімнің маңызы, толеранттылық, өзара сыйластық пен бірлік туралы мазмұнды ақпарат берілді.
Халықтар бірлігі - қоғамның тұрақтылығы мен бейбіт өмірінің негізі болып табылады. Ол ұлттар арасындағы татулықты сақтап, достық пен ынтымақтастықты нығайтады. Бұл бірлік жаһандық даулы мәселелерді шешуге, зорлық-зомбылық пен соғыстың алдын алуға мүмкіндік береді.
аударма 451
СНХ:АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Жиында Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі де тілге тиек етілді. Әлемдік діндер лидерлерін бір үстелге жинап, бейбітшілік, диалог және өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған іс-шарада болған маңызды тұстар студенттерге жеткізілді.
СНХ:НҰРТАС НҰРМАҒАМБЕТ, СҚО ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі жиын дәріс форматында өткізілді. Ұйымдастырушылар болашақта да осы тақырыпта әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізіп, жастар арасындағы татулық пен түсіністікті нығайтуды жоспарлап отыр.