Петропавл қаласының тұрғыны Евгений Золотарев қаладағы жайлы өмірін артқа қалдырып, ауылда бақша шаруашылығын қолға алды. Қазір ол еңбекқор әрі іскер көкөніс өсіруші ретінде танылған. Өңірдің тұрақтандыру қорына жаңа піскен өнім жеткізіп отыр.


Жыл өткен сайын ауылдық жерлерде кәсіп ашуға мүмкіндік артып келеді. Сол мүмкіндікті Петропавл қаласының тұрғыны, бұрынғы бағдарламашы Евгений Золотарев та байқаған. Ол ауылға көшіп, бүгінде табысты әрі болашағы зор көкөніс өсіруші атанды.

СНХ:ЕВГЕНИЙ ЗОЛОТОРЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР


Өнімін кәсіпкер тұрақтандыру қорына тапсырып, жергілікті тұрғындарды маусымдық болса да жұмыспен қамтып отыр. Картоп жиналып біткен, енді қырыққабатты жинау қалды. Жұмыс ауыр емес, ақысы күн сайын төленеді.

СНХ:ЕЛЕНА КОЗЛОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ


Сонымен қатар кәсіпкер әлеуметтік нысандарға көмек көрсетіп, оқу мен спортта жетістікке жеткен ауыл мектебінің оқушыларына шәкіртақы төлейді.