Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мамандар егін жинау науқанының барысы туралы баяндады. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының 89 пайызы орылып, бастырылды. Жалпы жиналған астық көлемі 5184 тоннаға жеткен, орташа өнімділік гектарына 19,4 центнерді құрайды.

Диқандар ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдаланып, егіс алқаптарында белсенді жұмыс істеп жатыр. Бүгінде картоптың 5,1 мың гектары жиналды, бұл жалпы көлемнің 59 пайызы. Жалпы өнім 74,2 мың тоннаға жетіп, гектар берекелігі 146,2 центнерді құрап отыр. Көкөніс жинау жұмыстары да жалғасуда. Қазіргі таңда 0,4 мың гектар немесе 26,4 пайыз аумақтан 4,7 мың тонна өнім алынған. Орташа өнімділік – гектарына 133,2 центнер. Науқанға 7 мың астық жинайтын комбайн, оның ішінде 4 мың жоғары өнімді техника, 12,3 мың трактор, 9 мың тіркеме, 4,5 мың орақ және 5,6 мың жүк көлігі тартылған.

СНХ:ДӘУРЕН ТОКУЖИНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Биыл форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында 65 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі қаржыландырылды. Жалпы қаржы көлемі – 7,5 миллиард теңге. Қайтарым ретінде 146,7 мың тонна астық тапсырылады деп жоспарланған.

СНХ:СЕРІК ИБРАЕВ, «АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ-ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ»ҰК» АҚ СҚО ӨКІЛДІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


2025 жылдың 1 қазанынан бастап «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы «Кең дала – 2» бағдарламасы аясында көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын жеңілдетілген несиелеу бойынша өтінім қабылдауды бастады. Бағдарлама шарттарына сәйкес, сыйақы мөлшерлемесі жылына небәрі 5 пайызды құрайды. Кепіл жетіспеген жағдайда қарыз сомасының 85 пайызына дейін «Даму» қорының кепілдігімен қамтамасыз етіледі. Өтінімдер «Аграрлық несие корпорациясының» филиалдары мен қаржылық серіктестері арқылы еліміздің барлық өңірінде қабылданады.