Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдағы тәртіп пен мәдениет мәселесіне тоқталып, «Заң және тәртіп» қағидатын берік орнықтырудың маңызын атап өтті. Бұл – ең алдымен, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным.

Мемлекет басшысы заң үстемдігін қамтамасыз ету арқылы әділетті қоғам құрудың мүмкін екенін баса айтты. Тәртіп пен жауапкершілік - дамыған ел болудың басты алғышарты екенін жеткізді. Бұл бағытта құқық қорғау органдарының жұмысы күшейіп, заң бұзушылықтың алдын алу шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылады.