Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында шағын және орта бизнесті, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мемлекеттің стратегиялық басымдығы екенін атап өтті. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді белсенді жалғастырып келеді. Мәселен, биыл маусым айында «Өрлеу» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Өңір бойынша осы жоба аясында жыл басынан бері 14,1 млрд теңге соммасында 48 жоба қолдау тапты. Осы орайда, облыс орталығында БАҚ өкілдеріне баспасөз туры ұйымдастырылып, мемлекет қолдауымен дамып, өндірісін кеңейтіп жатқан кәсіпорындар таныстырылды.

Өңірде жыл басынан бері несие портфелі 50 млрд теңгені құрайтын 242 кепілдік шартына қол қойылды. Ең көп жобалар ауыл шаруашылығы, қоймалау және сауда салаларына тиесілі. Аймақтар бойынша Петропавл қаласы көш басында тұр.

СНХ:СЕРІКБЕК САРЖАН – "ДАМУ" КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ" АҚ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


«Даму» қоры арқылы қолдау тапқан жобалардың бірі – 2009 жылдан бері жұмыс істейтін «АБВГДЕЙКА» балаларды ерте дамыту орталығы. 16 жылдың ішінде мекеме өзінің әдістемесін қалыптастырып, заманауи оқыту технологияларын енгізді. Сондай-ақ, авторлық бағдарламалар мен әдістерді ойлап тапты. Айта кетейік, сұраныстың артуына байланысты биыл облыс орталығында үшінші филиал ашылмақ.

СНХ:ОЛЬГА ЖАРКОВА — «АБВГДЕЙКА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ


Мемлекет қолдауының тағы жарқын үлгісі – «DEZ» компаниясы. Ол - облыстағы ұн шығаратын ең ірі кәсіпорындардың бірі. Компания 2002 жылдан бері жұмыс істейді. Серіктестікте 2,5, 10, 20 және 50 келілік қапталған ұн, кебек пен жем өндіріледі. Өнімдер Ауғанстан, Тәжікстан және Өзбекстанға экспортталады.

СНХ:ЗЕКАИ ТАНРЫКУЛУ – “DEZ” ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Ал, Анар Хамзина жас кәсіпкер. Іскер әйел төсек жабдықтарын өндірумен айналысады. 2024 жылы кәсіпкер 20 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, тігін цехы мен дүкен ашуға арналған ғимарат сатып алды. Жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. «Біріңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» қоры несиенің 85 пайызын кепілдендіріп, пайыздық мөлшерлеме 21%-дан 8%-ға дейін төмендетілді.

СНХ:АНАР ХАМЗИНА – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР


«Даму» қоры кәсіпкерлерге тек қаржылай қолдау көрсетіп қана қоймай, өңірлік экономиканың дамуына да өз үлесін қосып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында бизнес өкілдері өндірісті жаңғыртуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және кәсібін жаңа деңгейге көтеруге нақты мүмкіндік алуда.