«Достық көпірі» атты бірлескен мәдени жоба – Қазақстан мен Ресей арасындағы шығармашылық ынтымақтастықтың жарқын көрінісі. Бұл бастама Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және Қорған облысының губернаторы Вадим Шумков арасында 2025–2027 жылдарға жасалған келісім аясында жүзеге асуда. 3 қазан күні Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры Қорған қаласында Баатырбек Шамбетовтің «Шоқан. Сырлы монолог» атты спектаклін сахналады. Ал 8 қазан күні қорғандық әріптестері бұл мәдени эстафетаны жалғастырып,

«Достық көпірі» қос елдің театр ұжымдарын біріктірді. Солтүстікқазақстандық театр Қорған қаласына Шоқан Уәлихановтың өмірі мен тағдыры жайлы баяндайтын ерекше қойылым – «Шоқан. Сырлы монологты» апарды. Режиссер Баатырбек Шамбетовтің туындысы көрерменге терең ой салып, тарихи тұлғаның бейнесін шынайы түрде сахнаға алып шықты.

СНХ:ТИМУР КӘРІМЖАНОВ — Н.ПОГОДИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ


Айта кетейік, Николай Погодин атындағы театр сахнасында «Гроза» пьесасы бұған дейін төрт рет қойылған. Алғашқы қойылым, тарихшылардың дерегіне сүйенсек, 1920 жылы өткен. Бұл жолғы қойылым – нағыз классикалық үлгіде. Қорған театрының бас режиссері Егор Гришиннің айтуынша, қойылымда заманауи өзгерістер енгізілмей, түпнұсқаға сай қалпында сақталған.

СНХ:ЕГОР ГРИШИН — ҚОРҒАН ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ


Мәдени байланыс мұнымен тоқтап қалмайды. «Достық көпірі» жобасы аясында келесі шығармашылық кездесу Солтүстік Қазақстан Ақан сері атындағы облыстық филармонияда өтпек. Бұл жолы Қорған филармониясының әртістері өз өнерлерін ұсынады.