СҚО кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы, Қазақстан кәсіподақтары федерациясының 35 жылдығы және Кәсіподақтар күні аталып өтті. Мереке қалалық мәдениет және демалыс саябағында ағаш отырғызудан басталды. Ардагерлерге құрмет ретінде 35 тал егілді. Іс-шара оқушылар сарайында өткен конференциямен жалғасты. Онда облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов кәсіподақ мүшелерін құттықтап, ұйымның еңбеккерлердің құқықтарын қорғаудағы рөлін атап өтті.

Кәсіподақ ардагерлері аллеясында жаңа жас шыршалар отырғызылды. Бұл шара Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының 35 жылдығына орай ұйымдастырылып, 35 тал егіліп, аллеяны көркейте түсті. Мерекенің ең маңызды сәті - салтанатты жиынмен түйінделді. Конференцияда кәсіподақтардың әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мен қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы рөлі жайлы сөз қозғалды. Шараға қатысушыларға жылы лебізін облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов арнады.

СНХ:МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ


Құттықтауларды кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен әлеуметтік әріптестік жүйесін нығайтуға үлес қосып жүрген белсенділер қабылдады. Бұл күні өз ісіне адалдығы мен қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс сөздері айтылды. Мерейтойдың маңызы мен кәсіподақтардың алдағы міндеттері туралы Солтүстік Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы жанындағы заң клиникасының басшысы Людмила Голенкова айтып берді.

СНХ:ЛЮДМИЛА ГОЛЕНКОВА, СҚО КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЗАҢ КЛИНИКАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ