Петропавлда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясы ұйымдастырған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Іс-шараның тақырыбы «Күштік құрылымдардың қызметі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне әсер ету теориясы мен практикасы: заманауи сын-қатерлер мен шешу жолдары». Жиында ұлттық және халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелер талқыланды.

Конференцияға Қазақстан мен ТМД елдерінің ғалымдары, мемлекеттік органдардың және күштік құрылымдардың өкілдері, докторанттар мен магистранттар қатысты. Олар экономикалық қауіпсіздік, ведомствоаралық өзара әрекеттестік, сондай-ақ инновациялық технологиялар мен Мемлекет басшысының жолдауында айтылған жасанды интеллектті енгізу мәселелерін талқылады.

СНХ:ЕРМЕК ЧЕРИКБАЕВ, НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ ӘСКЕРИ КАФЕДРАСЫНЫҢ ЦИКЛ БАСТЫҒЫ


Әлижан Қабылматенов ұлттық ұлан академиясының 3 курс курсанты. Тыл кафедрасында оқиды. Бала кезінен әскери өмірге қызығып, академияға оқуға түскен. Конференцияға өз мақаласын дайындап әкелген. Әлижанның айуынша мұндай конференция экономикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылаудың маңызды ғылыми алаңы болмақ.

СНХ:ӘЛИЖАН ҚАБЫЛМАТЕНОВ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ


Барлық қатысушылар үшін іс-шараға қатысу мен материалдарды жариялау тегін. Конференция қорытындысы бойынша электронды ғылыми жинақ дайындалып, Ұлттық ұлан академиясының ресми сайтында жарияланады.