Мемлекет басшысы "Digital Bridge" форумының пленарлық отырысында технология таңдаулыларға ғана емес, баршаға қызмет етуі тиіс екенін айтты. "Жиынның жаңа бағыты халықаралық ынтымақтастықты дамытып, жасанды интеллектіні халқымыздың игілігіне тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект әлемді өзгертіп, адамзат өмірін қайта қарауға мәжбүрлеп отыр. Сондықтан инженерлер мен гуманитарлық мамандардың жаңа буынын тәрбиелеу қажет, - деді Президент Бүгінде «Digital Bridge» өте маңызды пікір алмасу алаңына айналды, бұл жерде жаһандық өзгерістер мен цифрлық экономиканың болашағы туралы өзекті ойлар айтылып, маңызды бастамалар көтерілетін алаңға айналғанын жеткізді.

СНХ:ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


Мемлекет басшысы алқалы жиынға Мажарстанның Президенті, Жоғары Мәртебелі Тамаш Шуйоктің қатысып жатқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ мәртебелі мейманның идеялары және бастамалары цифрлық технология саласындағы халықаралық серіктестікті нығайта түсуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

СНХ:ТАМАШ ШУЙОК – МАЖАРСТАН ПРЕЗИДЕНТІ