Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. 18 бен 27 жас аралығындағы шамамен 22 мың жас сарбазды мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланып отыр. Олар Қарулы күштерге, Ұлттық ұлан мен өзге де күштік құрылымдарға аттанады. Солтүстік Қазақстан облысынан әуе-десанттық әскерге алғашқылардың бірі болып қала мен ауданнан 20 жасөспірім аттанды.


Бүгін әскерге аттанған жас сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеуге өз еріктерімен таңдады. Жаңа шақырылғандардың арасында енді ғана кәмелетке толғандар да, жоғары оқу орнын тәмамдағандар да бар. Солардың бірі – М.Жұмабаев ауданынан әскер қатарына шақырылған Жәнібек Жармағанбетов та бар. Ол десанттық әскерді таңдаған себебі бұл бөлімде бұған дейін қызмет еткен достарының кеңесі әсер еткен. Жәнібекті әскерге шығарып салуға бүкіл отбасы келіп, оны мақтанышпен әрі ыстық ықыласпен қолдады.

СНХ:ЖӘНІБЕК ЖАРМАҒАНБЕТОВ, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ


Солтүстік Қазақстан облысынан 20 азамат Алматы облысы, Қонаев қаласына аттанды. Олар бір жыл бойы 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасының құрамында әскери дайындықтан өтеді. Ал келесі аптада тағы 25 шақырылушы дәл осы бағыт бойынша Талдықорғанға жөнелтіледі.

СНХ:ӘДІЛ МҰХАМБЕТОВ, СҚО ҚОРҒАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Жыл соңына дейін түрлі әскери бөлімдерге жалпы саны 510 солтүстікқазақстандық азамат аттанады.