Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Ауыл» партиясының өңірлік филиалы білім беру саласының үздік педагогтарын марапаттады. Мерекелік іс-шара аясында 20 ардагер ұстазға «Ауыл партиясына 25 жыл» мерекелік медалі табыс етілді.

Жиынның негізгі мақсаты – қай кезеңде болмасын маңыздылығы жоғары ұстаз еңбегінің қоғамдағы рөлін айқындау. Сондай-ақ, сапалы білім берудің озық тәжірибелерін кеңінен насихаттап, өңірлік кәсіби қауымдастықты ынталандыру болды.

СНХ:АҚ-ЛӘЙЛЕК ЖАУКИНА, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ СҚО БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ


Марапаттау барысында құттықтау сөздері айтылып, ұстаздарға арнайы мерекелік медальдар мен гүл шоқтары табысталды. Арнайы марапатқа ие болған ардагерлердің қатарында педагогика саласында 50 жылдай еңбек өтілі бар Сабыр Сеңкібаев та бар:

СНХ:САБЫР СЕҢКІБАЕВ, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР


Сонымен қоса, жас таланттар өнер көрсетіп, мерекенің көркін ашты. Оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған әндер ардагер-ұстаздардың көңілін көтеріп, ерекше әсер сыйлады.