С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада Қарттар күніне орай әдеби музыкалық кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында қонақтар назарына мың бұралған би, ән мен күй де ұсынылды.


Мерекенің шымылдығы «Ер тұран» күйімен ашылды. «Құлақтан кіріп, бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй» демекші, «Алаш» өнер мектебі тәрбиеленушілерінің орындауындағы туындылар жиналған қауымға керемет әсер сыйлады.

СНХ:МӨЛДІР ТІЛЕЙХАНҚЫЗЫ – «АЛАШ» ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Қариялар – ұрпақ сабақтастығының алтын діңгегі, өткеннің шежіресі. Қарттар күні – тек мерекелік көңіл-күй сыйлау емес, олардың еңбегін бағалап, өнегесін жастарға үлгі етуге арналған ерекше күн.

СНХ:ЕЛЕНА СКАКУНОВА - С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ


Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада үлкен концерттік бағдарлама өтуде. Мұнда қарияларды құттықтап, оларға мейірім мен ізгілік сыйлағысы келгендер жиналды. Бұл – біздің оқырмандарымыз, қызметкерлеріміз және жас ұрпаққа ақыл-кеңесін беріп жүрген жандар.

Сондай-ақ мерекеге орай кітап көрмесі де ұйымдастырылды. Іс-шараға келген аға буын өкілдері мерекелік кештен ерекше әсер алып тарқасты.