Облыстық «Қызылжар» телеарнасында Қозыбаев университетінің студенттерімен кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты – телеарна директоры Разия Нижатқызы Ыдырысбаеваның атынан университеттің дарынды білім алушысына бір семестрлік шәкіртақы табыстау болды.

Облыстың бас арнасы жергілікті СҚУ–мен тығыз серіктестік қарым-қатынас орнатқан. Аталған ЖОО-да білім алып , бүгінде телеарнада еңбек етіп жүрген мамандар аз емес. Кездесу барысында университет ұжымы «Қызылжар» телеарнасын 65 жылдық мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, телеарна директоры мамандарды даярлайтын білім ордасымен қалыптасқан ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, университет студентіне атаулы шәкіртақы тағайындау туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

СНХ:РАЗИЯ ЫДЫРЫСБАЕВА , «Qyzyljar» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 


Бір семестрлік атаулы шәкіртақы журналистика мамандығының 2 курс студенті Айқын Ельдарқызына табысталды. Ол мұндай қолдаудың студенттер үшін аса маңызды екенін атап өтіп, алған әсерімен бөлісті:

СНХ:АЙҚЫН ЕЛЬДАРҚЫЗЫ, М.ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 2-ШІ КУРС СТУДЕНТІ

 

Сонымен қатар студенттерге арнаның 65 жылдығына арналып әзірленген бейнеролик көрсетіліп, студия алаңы таныстырылды. Мұндай кездесулер болашақ мамандарға шығармашылық ортада тәжірибе алмасып, кәсіби бағыт-бағдар алуға мүмкіндік береді.