Бала денсаулығының басты көрсеткіштерінің бірі – дұрыс тамақтану. Әсіресе, мектеп оқушылары үшін сабақ кезінде сапалы әрі уақытылы тамақтанудың маңызы зор. Ал өңірдің білім ордаларында ас мәзірі қандай? Асханалардағы тағамдық рацион белгіленген талаптарға сай ма? Әріптесім біліп қайтқан болатын. 

Қазіргі таңда өңіріміздегі 36 мектепте асханалар толыққанды жұмыс істеп тұр. Оқушыларға ұсынылатын ас мәзірі денсаулық сақтау саласының мамандары бекіткен талаптарға сай жасақталады. Мектеп асханаларын жеке кәсіпкерлер жүргізеді. Олар арнайы тендерге қатысып, жеңімпаз атанған жағдайда ғана балаларды тамақтандыру ісін ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Бұл талап ас мәзірінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қойылған. Биылғы оқу жылында тендер арқылы анықталған кәсіпкерлердің бірі – Ербол Дөкетбаев. Ол жаңа ашылған №29 Келешек мектебінде бастауыш сыныптың 350 баласын тегін тамақпен қамтамасыз етіп отыр.

СНХ:ЕРБОЛ ДӨКЕТБАЕВ, КӘСІПКЕР


Кәсіпкердің айтуынша ас мәзіріне қажетті өнімдер жергілікті компаниялардан алынады. Әрбір тауардың сапасы қатаң тексеріліп, арнайы сертификаты барлары ғана пайдаланылады.

СНХ:ЕРБОЛ ДӨКЕТБАЕВ, КӘСІПКЕР


Асханада 6 аспаз жұмыс істейді. Ербол Дөкетбаевтың айтуынша, жұмыста ең басты назар – санитарлық талаптарға қатаң мән беру.