Бүгінде ата-аналардың 40 пайызы баланың интернеттен не көріп, нені оқып жүргенін білмейді. Цифрлық технология дамыған тұста баланы бұлай бақылаусыз қалдыруға болмайды.

Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйытқы болған басқосуда қатысушылар осындай пікір айтты. Сондықтан олар киберқауіпсіздікке ерекше екпін беру керек дейді. Әсіресе, ата-аналардың цифрлық сауаттылғын арттыру, интернет кеңістігіндегі баланың қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс. Бұған қоса, жасанды интеллектімен жұмыс істеу мәдениетін қалыптасыру да өзекті тақырыпқа айналып отыр.

СНХ:АҚНҰР ТҰРДАЛИЕВА – САРАПШЫ