СҚО-да ауылдық жерлердің инфрақұрылымы дамуда. Мамлют ауданында екі жылға созылған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаңартылған модульдік орталықта қазір ауыл әкімдігі, учаскелік пункт, мәдениет үйі, ауылдық кітапхана және ардагерлер кеңесі орналасқан. Бұл тұрғындарға барлық қажетті қызмет түрлерін бір жерде қолжетімді етеді.
Воскресенов ауылдық округінің Мәдениет үйі – шығармашылық пен таланттың, мәдени демалыстың ордасы.
Биыл мұнда күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жалпы аумағы екі мың шаршы метрге жуық ғимаратта жылыту жүйесі мен терезелер ауыстырылып, қабырғалар мен төбелер жөнделді. Жаңарған Мәдениет үйінде ауыл тұрғындары шығармашылыққа бұрынғыдан да зор құлшыныспен ден қоя бастады.
СНХ:ТАМАРА ЗИБЕРТ «ДОСТЫҚ» ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Ауылдық округке қарасты 3 елді мекен бар. Әрқайсысында абаттандыру мен инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
СНХ:АЙДЫН ГАСАНОВ ВОСКРЕСЕНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Мұнда халық саны – 1100 адамды құрайды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін округтегі мәдени өмір айтарлықтай жандана түсті.