Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған соңғы Жолдауында ел дамуының басты бағыттарының бірі ретінде жеделдетілген цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын түрлі салаға енгізуді атап өтті.
Мемлекет басшысы цифрлық трансформация жай ғана үрдіс емес, ол – стратегиялық қажеттілік екенін баса айтты. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, денсаулық сақтау және білім беру салаларын да қамтуы тиіс. Оның айтуынша, Қазақстан әлемдік технологиялық прогресс қарқынынан қалыс қалмауы қажет.
СНХ:СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ПИК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ