Қазақстан мен Мажарстан арасындағы парламентарлық байланыс жандана түсті. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Kёвермен өзара ынтымақты нығайту жайын талқылады. Тараптар заң шығару процесінде тәжірибе алмасу қажеттігін де атап өтті. Сондай-ақ, сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, энергетика салаларында ортақ жобаларды қарастырды. Кездесу соңында Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысының атынан Ласло Kёверге Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін «Достық» орденін табыс етті.

СНХ:ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ