AliExpress және Temu сияқты ірі сауда алаңдарынан алынған тауарлар енді міндетті түрде декларацияланады. Бүгін парламент сенатында электронды сауданы реттеуге арналған заң мақұлданды. Құжат аясында электрондық сауда тауарларын жеткізуді жүзеге асыратын пошта операторы — «электронды сауда операторы» ұғымын енгізу қарастырылған. Енді, электронды сауда тауарларының барлық көлемі кедендік декларациялаудан өтеді. Бұған дейін бажсыз әкелу нормасынан яғни, 31 келіден асқан жағдайда ғана тіркелді. Жаңа заң бойынша декларацияны оператор да, тауар алушының өзі де таңдауына қарай тапсыра алады. Айта кетейік, былтыр елімізде электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жеткен.

СНХ.МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ