Петропавл қаласындағы «DOSTYK MALL» сауда орталығында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен тағылымы мол әдеби басқосу өтті. Жиын ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналды. Кешке М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері мен Ұлттық ұлан Әскери институтының курсанттары, сондай-ақ қала тұрғындары мен кітап сүйер қауым қатысты.


Әдеби шара барысында жастар ұлы ойшылдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, даналыққа толы ой-толғамдарына терең бойлады. Әрбір жыр шумағы мен нақыл сөзі тыңдарман жүрегіне жол тауып, рухани толғаныс сыйлады. М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенті Айғаным Айтмұхамбеттің айтуынша, Абай жайлы білімді ол мектеп кезінен бастап жинақтап келеді, ал бүгінгі күнге дейін бұл тақырып оның өмірінде маңызын жоймаған.

СНХ:Айғаным Айтмұхамбет, М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенті