Биыл 25 мың адамға жедел респираторлық вирустық инфекцияға қарсы екпе егіледі. Өйткені жұқпалы аурулардың қозатын кезеңі басталып жатыр. Денсаулық сақту министрлігінің мәліметінше, қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бүгінде А вирустық гепатиті 2,5 есеге, коронавирус нфекциясы 1,6 есеге, көкжөтел де 8 есеге, туберкулез 12, сондай-ақ қызылша 91 пайызға төмендеген. Алдағы эпеидемиологиялық маусымда тұмау вирусының үш штаммы өзекті болады. Олар A H1N1, A H3N2 және B штаммы. Дегенмен, мамандар алаңдауға негіз жоқ дейді, өйткені биыл егілетін екпе вирустың аталған түрлеріне қарсы күреуге арналған.
СНХ:САРХАТ БЕЙСЕНОВА – ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ