Тимирязев ауданындағы емдеу желісіне 35 төсекке шақталған стационары бар аудандық аурухана мен күн сайын 150-ге жуық адам қабылдайтын емхана кіреді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында 3 фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. Жалпы ауданда 19 медициналық пункт жұмыс істейді.
Тимирязев ауданында инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Әлеуметтік маңызы бар жаңа нысандар бой көтеріп жатыр. Фельдшерлік-акушерлік пункттердің салынуы халық денсаулығына оң әсерін тигізуде.
СНХ:НҰРБОЛ СЕЙТЕНОВ, АҚЖАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ УЧАСКЕЛІК ДӘРІГЕРІ
СНХ:АЙЖАН КӨРЖЕНҚҰЛОВА АҚЖАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Тимирязев орталық аудандық ауруханасының бірінші қабатында да заманауи жөндеу жұмыстары жүргізілді. Денсаулық сақтау нысаны екі бөлімнен тұрады: терапия және хирургия. Ол 9 мың адамға қызмет көрсетеді.
СНХ:ДУМАН КӘМІРОВ ТИМИРЯЗЕВ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.
Ауданға жас мамандар да келіп жатыр. Олар еңбек жағдайына дән риза.
СНХ:ЖЕҢІС ШОҒЖАНОВ, ІШКІ АУДИТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Денсаулық сақтау нысанына жаңа қазандық салуға 50 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Жылу қазандығының қуаттылығы – 6 мың, ал аурухана ғимаратының аумағы – шамамен 4 мың шаршы метр.