Айыртау ауданында еңбекпен есімі көпке танылған отбасы тұрады. Бұл - ветеринария саласына өмірін арнаған Бисариндер әулеті. Олардың әрбірі өз ісінің білікті маманы.
Бисариндер отбасы төрт түліктің жайын жетік білетін, мал шаруашылығын меңгерген, ауыл тіршілігіне адал жандар. Ол әулетте бірнеше буын өкілдері осы салада еңбек етіп келеді. Отбасының тірегі Қанат Макенұлы мен ұлы Қайсар ветеринариялық өңдеулер бойынша операторлар. Ал, Жадыра Болатқызы- ауыл арасында зор құрметке ие фельдшер, ал қыздары Меруерт Сырымбет ауылдық округінің ветеринарлық дәрігері.
СНХ:ЖАДЫРА БИСАРИНА — ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ФЕЛЬДШЕР
Қанат Макенұлы мен ұлы Қайсар күн-түн демей мал басының амандығы үшін тер төгіп жүрген мамандар. Тыныштық пен тұрақтылық олардың кәсібіне деген адалдықтың нәтижесі.
СНХ:ҚАНАТ БИСАРИН — ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАТОР
СНХ:ҚАЙСАР МАКЕН — ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАТОР
Көп жылдар бойғы маңдай тер мен табанды еңбектің арқасында Бисариндер отбасы ауылдастарының алғысы мен ықыласына бөленіп келеді. Олар үшін ветеринария тек кәсіп емес, бұл жүректен бастау алған өмірлік жол.