Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы белсенді цифрландырылып жатыр. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, бұл халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Биыл "109" байланыс орталығына 16 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Олардың басым бөлігі ТҮКШ мәселелеріне қатысты. Жыл соңына дейін саладағы кадр тапшылығын азайту үшін жастарға арналған 9 іс-шара өткізу жоспарланған.

ТҮКШ саласын цифрландыру - халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін маңызды бағыттардың бірі. Бұл өзекті мәселеге Президент өз Жолдауында баса назар аударды. Әр өңірге бірқатар тапсырма берілді. Облыстық әкімдік отырысында сөз сөйлеген цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Азамат Байтеміров қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мына жобаларды қолға алу қажеттігін айтты. Олар: инженерлік желілерді есепке алу және бақылау бойынша автоматтандырылған жүйелерді енгізу, апаттарды және тұтыну динамикасын болжау үшін жасанды интеллектіні пайдалану және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметкерлердің санын арттыру.

СНХ:АЗАМАТ БАЙТЕМІРОВ, СҚО ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ