Петропавлда полицейлер студенттерге интернет-алаяқтық туралы заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді. Іс-шараға 300-ге жуық студент қатысты.

Интернет-алаяқтыққа қатысқандар қандай жазаға тартылады? Осы және басқа да сұрақтарға Солтүстік Қазақстан университеті студенттерімен өткен семинарда айтылды. Жиынға СҚО ПД киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері, банк секторының өкілдері және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандары қатысты. Іс-шараға 1-2 курс оқитын 300-ге жуық студент қатысты.


Полицейлердің айтуынша, 16 қыркүйектен бастап ҚР Қылмыстық кодексіне өзгелердің ақшасын алаяқтарға жеткізу үшін өз төлем құралдарын пайдалануға беруді — яғни дропперлікті — қылмыстық жауапкершілікке тарту нормасы енгізілді. Интернет-алаяқтар дроптарды көбіне әлеуметтік желілер арқылы тартады. «Жеңіл табыс» уәдесіне әсіресе студенттер жиі алданып жатады.

СНХ:МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ — СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ


Енді қашықтан жасалатын алаяқтыққа қатысу қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады. Ол үшін ірі мөлшерде айыппұлдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Интернет-алаяқтықтың алдын алу — «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында полицияның негізгі міндеттерінің бірі.