Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы мүлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 қазанына дейін екенін еске салады. Бұл салық – азаматтардың меншігіндегі тұрғын үй, саяжай, гараж, басқа да ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ жер учаскелері үшін төленеді. Егер бұл мүліктер сіздің атыңызда тіркелген болса, салық төлеу міндетті.

Мүлік салығының сомасын kgd.gov.kz сайтындағы «Алдағы төлемдер» сервисі арқылы немесе «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы біліп, сол жерде бірден төлеуге болады. Бұл сервистерде салық сомасы жеке шотыңыздағы төленген немесе артық төленген салықтарды ескере отырып көрсетіледі. Салықты төлеудің басқа да жолдары бар: пошта бөлімшелерінде немесе банк кассаларында қолма-қол ақшамен, төлем терминалдары арқылы немесе банкоматтар мен терминалдарда банк картасы арқылы.

СНХ:СҰҢҒАТ ҚОСПАЕВ, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ