Жылыту маусымына дайындықтың соңғы кезеңі жүріп жатыр. Энергетика министрлігінің өкілдері еліміздің барлық өңірі суық күндерге сақадай сай дейді.
Тіпті кестеден кешігіп, Үкімет басшысынан ескерту алған Орал, Степногорск, Аягөз және Сәтбаев қалаларының басшылары да білек сыбана іске кісіріпті. Бүгінде 6 энергоблок, 29 қазандық пен 16 трубинада жөндеу жұмысы аяқталып, тағы 10 энергоблок, 63 қазандықты қалыпқа келтірілмек. Қала мен аудан халқы қыстан шығуы үшін 8 млн тонна көмір қажет. Бірақ, әзірге оның 5 млн тоннасы жиналған. Айта кету керек, ел бойынша жылыту маусымы қазан айының 15-де басталуы тиіс. Дегенмен, ауа райы күрт суытса жоспар өзгеруі мүмкін.
СНХ:ЕРЖАН ЕРТАЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ