Мамлют ауданында 900-ден астам шағын бизнес субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде 559-і жеке кәсіпкерлер. Жаңа нысандардың ашылуы халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Аудан кәсіпкерлері кәсіптің көбіне қай түрін таңдайды.
Жолдағы апаттың басты себептерінің бірі – жүргізушілердің шаршауынын орын алып жатады. Ұзақ сапардан кейін күш жинауға мүмкіндік беретін орындардың бірі – аудан орталығына іргелес орналасқан «Петрович» жол бойындағы дәмханасы. Мұнда жолаушылар мен жүргізушілерге жайлы жағдай жасалған: дәмді ас, демалуға арналған қонақүй, сондай-ақ жуыну орны мен кір жуу қызметтері бар. Жаңа нысанның ашылуы 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
СНХ:ТАТЬЯНА АДЕЕВА, ДӘМХАНА ДИРЕКТОРЫ
Әбіловтар әулеті – тұрғындардың денсаулығына жанашыр жандар. Алты жыл бұрын олар Мамлютканың бір бөлігінде дәріхана ашқан. Кейін халықтың өтініші бойынша қалада екінші дәріхананы іске қосуға шешім қабылдады. «Даму» қорының жеңілдетілген несиесі арқылы ғимарат сатып алып, жаңа нысанды ашты.
СНХ:ҒАЛИЯ ӘБІЛОВА, ДӘРІХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ФАРМАЦЕВТ
Мамлют ауданында 16 мыңнан астам халық тұрады. Оның 6 мыңы – Мамлютка қаласында.