Өзінің тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр. Сондықтан да адамдар өткенін тануға ұмтылады. Осы ретте мұражайлар тарихты тереңірек түсінуге көмектесетін бірегей коллекциялар мен экспонаттарды ұсынады. Тайынша ауданында ерекше «Дом переселенца» атты музей бар. Мұндағы депортация тарихынан сыр шертетін экспонаттармен біздің түсірілім тобы танысып қайтқан болатын. 

Ясная Поляна ауылында ерекше музей орналасқан. Ол 1936 жылы салынған үйде ашылған. Мұражайда Қазақстан жерінен баспана тапқан қоныстанушылардың өмірін бейнелейтін жәдігерлер сақталған.


Музейге заттар ауыл тұрғындарының көмегімен жиналған, әркім сақталған құжаттар, тұрмыстық бұйымдарын әкелген. Ең көне жәдігерлердің бірі – 

СНХ:ЮЛИЯ ГОЛУБЬ, ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ


Музейде сабан төсек, сағат, тігін машинасы, кітап сөресі және басқа да тұрмыстық заттар сақталған. Үй тұрмысына қажетті заттардың барлығы қолдан жасалған. Әсіресе кестеленген сүлгілер көздің жауын алады.