Бәйтерек ауылы маңынан шамамен 15 мың жыл бұрын өмір сүрген жануардың сүйегі табылды. Табылған олжа — ғылыми қауымдастық үшін үлкен сенсация. Өйткені мұндай алып сүйек біздің өңірде сирек кездеседі. Ғалымдардың пікірінше, бұл орын болашақта Солтүстік Қазақстандағы алғашқы палеолиттік ескерткіштердің біріне айналуы әбден мүмкін.
Бескөл ауылының тұрғыны Әсет Шайкин Бәйтерек ауылының маңына балық аулауға барған. Жерден шығып тұрған сүйекті көріп, қазып алады. Бір метрден асатын жілікті көрген ол таң қалып, белгілі археолог Анатолий Плешаковқа хабарласады.
СНХ:АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ
Ғалымның айтуынша, Бәйтерек ауылының маңында 15 жыл бұрын мамонт сүйектері табылған. Жалпы Есіл өзені жағалауының бойында мұндай көне жәдігерлер молынан жатыр. Ғалым бұл жолы табылған сүйекті сенсацияға балап отыр.
СНХ:АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ
Профессордың айтуынша, облыс аумағында мамонттан бөлек мүйізтұмсық, бизон сүйектері де кездесіп жатады. Бұл жануарлардың барлығы жоғары палеолит дәуіріне жатады. Адамдар ерте заманда оларға аңшылық құрып, аулаған. Енді табылған сүйек облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырылмақ.