Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Бұл күн – береке-бірліктің, дәстүр сабақтастығы мен жанұя жылуының мерекесі. Биыл С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада айтулы күнді ерекше форматта атап өтті. Мұнда аға буын мен жастар өкілдері бас қосып, өзара зияткерлік сайысқа түсті.

Отбасы – әрбір адамның басты байлығы. Жанұядағы жылылық, қамқорлық пен түсіністік – өмірдің негізгі тірегі. Осыны еске салатын Отбасы күні қарсаңында С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Петропавл қаласының Қарттар клубы мүшелері мен Қызмет көрсету колледжінің студенттері ойында бақ сынасты.

СНХ:ӘСЕЛ ШАЙХИСЛЯМОВА – С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ


Қатысушылар арасында отасқандарына 52 жыл болған Мендалюк отабасы да бар. Олардың махаббат тарихы мектеп партасынан басталып, осы күнге дейін қол ұстасып, сүйіспеншілік пен сыйластықта жалғасып келеді.

СНХ:АНАТОЛИЙ МЕНДАЛЮК – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Зияткерлік сайыстың жеңімпаздарына дипломдар мен кітаптар табысталды. Еске сала кетейік, Қазақстанда Отбасы күні 2013 жылы ресми түрде бекітілген.