Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі талаптарын орындау аясында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ нысандарында қоршаған ортаны бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Бұл жүйе Белое көліндегі ластаушы заттардың концентрациясын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Өлшеулер әр 20 минут сайын жүргізіледі.


Қазақстанда тұрақты даму, экология, су ресурстарын басқару және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы Президент Жолдауының негізгі бағыттары жүзеге асырылуда. Гидротехникалық нысандарды жаңғырту барысында экологиялық тепе-теңдікті сақтау басты назарда. Су үнемдеу технологияларын енгізу де маңызды бағыттардың бірі. 2-ші Петропавл жылу электр орталығында орнатылған жаңа жүйе қоршаған ортаға әсерді бағалау және зиянды заттардың деңгейін жедел бақылау үшін қолданылады.

СНХ:НИКОЛАЙ МАКСИМОВ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Жабдық Белое көліндегі ластаушы заттардың концентрациясын әр 20 минут сайын өлшеуге мүмкіндік береді. Барлық алынған деректер автоматты түрде сақталып, «Қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық деректер банкіне» жіберіледі.Ақпарат 5 жыл сақталады. Бұған қоса, осындай жүйелер атмосфераға шығарындылар көздеріне – №3 түтін мұржасы мен 2-ші Петропавл жылу электр орталығының жаңа түтін мұржасына да орнатылған.

СНХ:ДАМИР ЖҰМАБАЕВ, СҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Мұндай жүйелерді енгізу экологиялық бақылаудың ашықтығын арттырып, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға, сондай-ақ белгіленген нормативтерден ауытқулар анықталған жағдайда уақтылы түзету шараларын қабылдауға ықпал етеді. Айта кету керек, келесі жылы Белое көліне балық жіберу жоспарланған – су айдынына ақ амур мен тұқы шабақтары жіберіледі.