Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлы мемлекет болуы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті жолдауында мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлы дәуірдің басты бағыты – жасанды интеллект екенін айтты. Сондықтан барлық негізгі салаларға енгізу керектігіне тоқталды. Өңір тұрғындары Президенттің бұл бастамасына оң пікірде.